Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2175 0 пікір 15 Маусым, 2023 сағат 13:38

Алматы - Тель-Авив рейсі ашылады

7 қыркүйектен Алматыдан Израильдің Тель-Авив қаласына ұшақ қатынайды.

«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуе компаниялармен бірлесіп ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.

Биылғы жылдың 7 қыркүйегінен бастап «Эйр Астана» әуе компаниясы Airbus 321 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Мәлім етілгендей, Қазақстан мен Израиль арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік бермек.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1208
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2731
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 865
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 822