Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1297 1 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 11:40

«Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру статистикасы шындыққа жанаспайды»

Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев Ауыл шаруашылығы министрлігінің шаруалардың мүддесін қорғаудағы жұмысын сынға алды.

«Әкімдіктер Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың тиімді жұмысын және бірінші кезекте, ауылда сервистік дайындау желілерін ұйымдастыруды дұрыс жолға қоя алмай отыр. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі шаруалардың мүддесін қорғайтын және мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіретін ықпалды орган бола алмай отыр», - деді ол жеміс-жидек пен көкөністің импортын алмастыру жөніндегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, статистика анық әлі дәл болмауы Үкімет қабылдаған барлық шаралардың тиімділігін жоққа шығарады.

«Бұл бүкіл ауыл шаруашылығы саласының жүйелі проблемасына айналды. Статистикалық деректер саладағы нақты ахуалды, істің мән-жайын көрсетпейді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі статистикада асыра сілтеушілік бар. Бұған әкімдіктер қызметін бағалау нәтижесінде олардың арасында көп жылдан бері қалыптасқан жасырын бәсекелестік ықпал етіп отыр. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне осылай баға беруден бас татртып, жұмыс тиімділігін бағалаудың басқа әдістеріне көшкен дұрыс болар. Үкіметке статистикалық деректердің анықтығын қамтамасыз ету үшін мәліметттерді жинау және есепке алу жолдарын қайта қарау қажет деп есептейміз», - деді Серік Егізбаев.

 

Abai.kz

1 пікір