Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2073 2 пікір 19 Маусым, 2023 сағат 11:58

Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі Мұрат Жүребеков ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мұрат Жүребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (1999), Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (2001), Strathclyde университетін (Глазго, Шотландия, 2003), Гарвард бизнес мектебін (Бостон, АҚШ, 2013), Қазақстан-Британ техникалық университетін (2019) бітірген.

«ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондондағы «Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «PSA» ЖШС-да жауапты қызметтерді атқарған.

2019 жылғы шілде-желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып қызмет етті, кейін энергетика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

2023 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Ақтөбе қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Фото: gov.kz

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739