Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4986 4 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 12:05

Қылмыс әлемінің серкесін министрлік қалай жұмысқа қабылдаған?- Сүлейменова жауап берді

Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өз ведомствосына қылмыс әлемінің «авторитеті» қалай жұмысқа кіріп кеткенін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жауап беру барысында Сүлейменова әуелі қылмыстық көшбасшыға ұқсамайтынын айтып, қалжыңдауға тырысты.

«Көптің сөзіне қарасам, мен қылмыстық көшбасшы рөліне сай келетін сияқтымын. Жұмысқа қабылданған кез келген қызметкер тиісті тексеруден өтеді. Хасеновке бұйрық келгенде, соттылықтың жоқтығы туралы анықтама қоса берілді. Құқық қорғау органдарының басқа да дерекқорларына қатысты біз міндетті түрде тексереміз. Бірақ тағайындау кезінде анықтама болды», - деді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін осы министрдің оң қолы Заңғар Хасенов деген адамның болғаны, оған орманшыларды тексеру құзыреті берілгені хабарланған болатын. Хасеновтың қылмыс әлемінде салмағы болғаны да біршама жазылған.

Фото: baigenews.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1081
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2633
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726