Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
2818 11 пікір 20 Маусым, 2023 сағат 18:08

Президент Украина туралы не деді?

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымын тағы да айқындады, деп хабарлады Ақорда.

«Мен бұл күрделі мәселеге қатысты ұстанымымызды айқындадым. Біріншіден, біз БҰҰ жарғысын қатаң сақтауымыз керек. Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымын әлемде теңдесі жоқ әрі әмбебап ұйым ретінде қолдауға тиіспіз. Екіншіден, біз Қытайдың, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің барлық бейбіт бастамасын қолдауымыз қажет. Сондықтан жақын арада Украинадағы қарулы қақтығыс тоқтайды деп үміттенеміз. Содан кейін әлемнің осы бөлігінде берік бейбіт өмір орнайтыны туралы сөз қозғай аламыз. Қазақстанға келетін болсақ, біз осы мақсатқа қол жеткізуге өз үлесімізді қосуға дайынбыз.

Сонымен қатар біз – Ресеймен стратегиялық серіктеспіз және бірнеше ұйымның мүшесі екенімізді атап өткен жөн. Сондықтан біздің мақсатымыз – екіжақты және халықаралық ұйымдар аясында өзара ынтымақтастығымызды нығайту үшін Ресеймен тығыз байланысты сақтау», - деді Мемлекет басшысы Германия Президентімен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

 

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1119
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2656
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 773
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 739