Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
2431 0 пікір 21 Маусым, 2023 сағат 17:00

«Қазақстан барысына» бөлінген 1 млрд теңгенің заңдылығы тексеріліп жатыр

«Қазақстан барысын» өткізуге бөлінген 1 млрд теңгенің жұмсалу заңдылығы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттінің Алматы қаласы бойынша департаменті айтты.

Басқарманың мәлімдеуінше, қазіргі таңда басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізілуде.

«ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында «Қазақстан барысы» қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Турнирді Qazaqstan Barysy қоры мен Qazaq kuresi Ассоциациясы ұйымдастырады.  

Фото: Баубек Коныров

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1189
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2718
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 838
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808