Сенбі, 23 Қараша 2024
2172 1 пікір 22 Маусым, 2023 сағат 14:05

«10 млн теңгеден жоғары» - әншілер мәдени шараларда қанша табыс табады?

Қазақстандық өнер иелерінің бюджет есебінен өтетін мәдени шараларда қанша қаламақы алатыны белігілі болды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрық жобасында жазылған.  

Құжатта Димаш Құдайберген, Жанар Дұғалова, Майра Мұхаммедқызы, Асылбек Еңсепов, Тамара Асар, Zyna502 сияқты орындаушылардың мемлекеттік мәдени іс-шараларда өнер көрсеткені үшін алатын қаламақысы мысал ретінде берілген.

«Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі иегері санатындағы бірнеше өнер қайраткері (мысалы: Димаш Құдайберген 10 000 000 теңгеден және одан жоғары, Майра Мұхаммедқызы - 3 000 000, Әлішер Кәрімов - 1 500 000, Асылбек Еңсепов 1 300 000, Zyna502, Medet02, Medet05 - 1 500 000, Нұрлан Абдуллин 1 000 000, Жанар Дұғалова 1 500 000, Айгүл Өлкебаева 700 000, Тамара Асар 1 200 000 теңгеден және тағы басқалар).

Шындығында көрсетілетін қызметтердің құны 20% дейін жетуі мүмкін және одан да жоғары, бұл пайыздан асып түседі.

Өткізіп жатқан іс-шараларды сараптай келе, шара бюджетінің 20%-ға дейіні осы санаттағы әртістердің қатысуын қамтамасыз ету қызметтеріне жұмсалатыны шығады.

Осылайша, жоғарыда аталғандарды ескере отырып, осы тармақты стандарт бойынша жалпы соманың 7%-ға дейін орындау мүмкін емес, сондықтан осы стандартты жобаның жалпы сомасынан 20%-ға дейін арттыруды сұраймыз», - делінген бұйрық жобасына қосымша берілген кестедегі түсіндірмелердің бірінде.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394