Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2363 0 пікір 26 Маусым, 2023 сағат 11:51

Сейітқұловтар отбасын өлтірді деп айыпталған әскери 7 жылға сотталды

Алматы гарнизоны Әскери соты әскери Қылмыстық кодекстің 451 бабы 2 бөлігі бойынша (билікті асыра пайдалану) айыпталған әскери қызметкер Данияр Егембаевты 7 жылға соттады. Ол Қаңтар оқиғасы кезінде Сейітқұловтар отбасының өліміне кінәлі деп танылған. Бұл туралы Азаттық жазды.

Сейітқұловтар отбасы Талдықорғанда 2022 жылдың 8 қаңтарында атылған оқтан қаза тапқан. Әскерилер Нұрболат Сейітқұлов, оның жары Алтынай Етаева мен 15 жастағы қызы Нұрай мінген көлікке оқ жаудырған. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Данияр Егембаев Нұрболат пен қызының өліміне қатысты күдікті деп танылған. Алтынай Етаеваның өліміне байланысты іс жеке өндіріске шығарылған.

Фото: Азаттық

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642