Қазақстанда бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалған
Еліміздің аумағында бір апта ішінде 2 720 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті.
«Бір апта ішінде 2 720 қылмыс жасалды, оның 1 642 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 11 кісі өлтіруді, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 36 тонау және 302 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен апталық брифингте.
Шұғыла Тұрлыбектің дерегінше, Тәуелсіздік жылдарында ғана ішкі істер органдарының 816 қызметкері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты. 4,5 мыңнан астамы жарақат алды. 1 800-ге жуығы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның 157-сіне мемлекеттік награда қайтыс болғаннан кейін берілді.
Abai.kz