Жұма, 22 Қараша 2024
Дей салдым-ау 3297 9 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:11

Қазақ олигархтары да ЧВК туралы ойлана бастады

«Вагнер» әскери компаниясы мен оның басшысы Евгений Пригожин салған лаңнан кейін, қолында ақшасы бар олигархтардың бәрі жеке армия жасақтауға кірісті. Себебі, режимді құлату оңай екенін, және ол құласа елде тәртіпсіздік орнап, кімнің күші бар, солар Ресейді бөліп алатынын есі бар адамның бәрі түсініп қойды. Болашақта ЧВК-сы бар олигархтар әр облысты бөліп алып, одан жеке мемлекет құра алады, деп жазады DALA INSIDE

Газпром қожайыны Алексей Миллер Вагнердің моделімен «Поток» ЧВК-сын жасақтап бітті. «Поток» тіпті ауыр артиллерия мен танктерге де ие болып отыр.

Роснефть басшысы Игорь Сечин Пригожинмен келісіп, «Вагнерден» кеткен, бірақ Қорғаныс министрлігімен контрактқа отырғысы келмейтін жалдамалы кәсіпқойларды «Гранит» ЧВК-сына жинап жатыр. Рамзан Қадыровтың «Ахмат» деген жеке армиясы баяғыдан бар. Ол Шешенстанды бөліп алу үшін Путиннің өлімін күтіп жүр. Себебі, Рамзан өзін Путинге ғана жігітше ант бердім, ал қалғандарына ештеңе қарыз емеспін деп есептейді. Аркадий Ротенберг, Юрий Ковальчук сынды Путинге жақын олигархтар да жеке ЧВК идеяларын іске асыруға асығуда.

Қазақстандық олигархаттан Александр Машкевичте жасырын ЧВК бар. Бірақ ол әскери ұйымнан көрі қарулы күзетке көп келеді. Кез-келген «Жаңа Қазақстаныңды» «айырып» тастайтын азулы армия құру мәселесі Тимур Құлыбаевты да толғандыра бастады. Осыған қатысты Ресейде біраз келіссөздер болған.

Бірақ танк, артиллерия, ұшақ, дроны бар ЧВК өте қымбат дүние болып шықты. Тіпті 1 миллиард доллардың өзі мардымсыз қаржы деп саналады. ЧВК сынды «қымбат ойыншықпен» ойнау үшін қалтада 5 миллиард доллардан көп қаржы болуы тиіс.

DALA INSIDE Ресейдегі интригалардың Қазақстанға ықпалын зерттеуде. Оның барысында мүлде жасырын жүрген фигура анықталды. Ол туралы келесі посттарда жазамыз.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308