Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
1968 0 пікір 30 Маусым, 2023 сағат 13:41

Жанболат Мамайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды

Алматы қаласының апелляциялық соты тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының лидері Жанболат Мамайға қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл жөнінде оның жары Инга Иманбай Facebook парақшасында жариялады. 

"Бүгін Жанболаттың изоляцияда отырғанына 499 күн болды. Біз күресуді жалғастыра береміз. Біз енді Жоғарғы сотқа, БҰҰ-ның комитетіне шағымданамыз", - деп жазды Иманбай.

Биыл 10 сәуірде Жанболат Мамайға 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып таққан. Сонымен бірге сот шешіміне сәйкес, алты жыл бойы қоғамдық-саяси жұмыстармен, журналистика, публицистикамен айналысуға және қоғамдық ұйымдардың ісіне қатысуға тыйым салынды.

Мамай сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым берген.

Саяси белсенді Жанболат Мамай 2022 жылдың ақпан айында ұсталған. Ол сол жылдың қараша айына дейін тергеу абақтысында отырды. Кейін үйқамаққа шығарылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963