Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4079 6 пікір 18 Шілде, 2023 сағат 17:35

Александр Невскийге қара да...

Қай кезде де құлдың аты - құл екен,
Қай кезде де күңнің аты - күң екен,
"Іштен шыққан шұбар жылан" сияқты,
Құл атаулы адамдықтан тұл екен.

Қызыл билік саясатпен білдірмес,
Жағдай жасап тексіздерге дым білмес,

70 жылдық қызыл билік советтік-
Құл мен күңді есірткенін кім білмес!..

Өңмең қағып шыққан кілең тасадан,
Жарымаған жалмауыздар асаған,
Атып, асып, естілерін қазақтың,
Құл мен күңге бар жағдайды жасаған.

Ұлт серкесін ел жауына жатқызды,
Мансапқорды бір-бірне сатқызды.
Не дарынды ұл мен қызын қазақтың
Жағымпаздар, мансапқорлар - атқызды!

Деме оларды ұлт намысын жыртады,
Ұзақ жылдар ұлт намысын құртады.
Қазақстан билігінде бүгінде
Сол құлдардың пәленінші ұрпағы.

Түсінбестер ұлттың асыл қадірін,
Оларға жат: білік, білім, тағылым...
Қазақ білген: "құл жиылып бас болмас"-
Деген сөздің кетірді олар қадірін.

Қадір тұтпай ұлттық небір асылды,
Қай кезде де айлаларын асырды.
Ұрпақтары әлі де сол құлдардың
Бар жағынан қазағымды басынды.

Алшаң басқан Қызыл Алаң түбінде.
Олар сөйлеп шүлдірлердің тілінде,
Жатырынан жарымаған сорлылар,
Ұлт байлығын тонап біткен бүгінде.

Жат тілінде бірдеңе деп қыртады,
Әндерін де шүлдір-шүлдір шырқады.
Құлдың құлы Невскийге ескерткіш
Орнатқандар сол құлдардың ұрпағы.

Құл-құтандар бар жағынан аласа,
Жүрек айныр істеріне қараса.
Сол Невский Алтынорда ханының
Аяқтарын қалай-қалай жаласа.

Негізгісі қаскөйлер мен қастың да,
Жағымпаз бен мақтаншақтар асқынды ә,
Міне бүгін бізден шыққан құл-құтан,
Табынуда Невскийдей бас құлға.

Жоғарыға ең бірінші еленген,
Көпірме сөз, мақтауларға бөленген,
Темір-терсек, сөлкебайға құмарлық -
Атаққұмар, мансапқорлық дегеннен.

Біздің ұлттың басы айналып қалғандай,
Тектілік пен салмақтылық - армандай!
Нешеме жүз жылдар бойы қазақтың,
Бар намысын жұтып, қылғып алғандай.

Көз жіберіп оның тексіз ұрқына,
Ауа жетпей демаламын қылқына!
Сенбесеңіз, кешегі өскен бастықтың
Қарап көрші, тез өзгерген құлқына.
Жоғарыда құл-құтандар көп еді,
Іштен тынып, ұлт амалсыз көнеді.
Құл-құтанға қарап тұрып жүрегің
Айнып, айнып, лезде құсқың келеді.

Айдалада қалып ана жезөкше,
Шалқалаған илікпейтін терекше,
Құлы болған Алтынорда ханының
Невскийге бізде құрмет ерекше!

Қаншама жыл адамша өмір сүрмедің,
Ласпен лас боп, болмас жерде кірледің.
Құл-құтандар ұрпағынан құтылмай
Біздің Қазақ Ел бола ма, білмедім!

Неге ұлтымның күңгірт тартқан санасы?
Қандай екен "бар" мен "жоқтың" арасы?
Александр Невскийге қара да,
Қайран Қазақ, енді өзіңе қарашы?!.

 

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434