Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 4991 1 пікір 27 Шілде, 2023 сағат 13:49

Париж Олимпиадасы: Шақырусыз қалған үшеу...

Кеше, сәрсенбі күні Халықаралық олимпиада комитетінің презденті Томас Бах 2024 жылы Францияда 26 шілде мен 11 тамыз арасында өтетін ХХХІІІ Париж олимпиадасына ресми түрде 203 мемлекетті шақырды.

Шақырылмаған үшеу: Ресей, Беларусь және Гватемала!

Бұған дейін ХОК Ресей мен Беларусь төлқұжатымен жүрген спортшыларға қатысты олардың Украинаға ашқан Ресей соғысына қатысты көзқарасына байланысты бейтараптықпен қатысуын арнайы қарастырамыз деп мәлімдеген болатын. Бұл қатысуды түрлі спорт федрациялары жеке спортшыға қатысты ХОК арнайы мәлімдеуі керек.

Париждегі ұйымдастыру комитетінің басшысы Тони Эстанге Ресей мен Беларусь төлқұжатымен жүрген спортшылардың қалай қатысатыны жайында тек қыркүйекте белгілі болады деді. Ал, дәл қазір әлемдік аренада түрлі спорт түрінен өзін танытып жүрген 200 тарта Ресейлік спортшы өзге елдің азматтығын қабылдап үлгерді.

Олардың ішінде ОА мемлекеттерінің атынан қатысатындары да жетіп артылады. Тек спорттық тағдыры тәлкекке түскен Ресей мен Беларусьтің спортшыларын ОА республикалары қалай бөліседі деп әліптің артын күтейік.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308