Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Әне, көрдің бе? 1720 1 пікір 29 Шілде, 2023 сағат 13:09

Биыл елімізге қанша шетелдік турист келді?

Қазір Қазақстан шетелдіктерді қызықтыратын елге айнала бастады. Бұған Димаштың атағы, сондай-ақ Ресейдің «Қазақстанды да басып аламыз» деген ақпараттық даңғазасының да қосқан үлесі мол.

Биылғы жазда, 1 маусым мен 23 шілде аралығында 2022 жылға қарағанда 3 есе көп -  250,5 мың шетелдік турист елімізде демалып кетті.

Туристер таңдайтын өңірлерге қатысты сөз етер болсақ, Алматы (77,3 мың), Астана (38,5 мың), Алматы облысы (19 мың) және Маңғыстау облысы (15,1 мың).

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің дергеіне сүйенер болсақ, Моңғолиядан келушілер 11,6 есеге (бұрынғы 489-ден 5,7 мыңға дейін), Қытайдан – 8,5 есе (2,2 мыңнан 18,9 мыңға), Үндістан – 4,7 есе (1,2 мыңнан 5,9 мыңға), Оңтүстік Корея – 3,8 есе (939-дан 3,6 мыңға), Ираннан –3,8 есе (237-нан 897-ге), Алмания – 3 есе (1,6 мыңнан 5 мыңға дейін), АҚШ – 2,2 есе (1,2 мыңнан 2,8 мыңға дейін) артқан.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір