Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
Билік 1702 0 пікір 17 Тамыз, 2023 сағат 20:17

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Оралдағы «Зенит» зауытының ұжымымен кездесті

Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын «Зенит»  кәсіпорынында болды.

Бес жүзге  жуық адам жұмыс жасайтын зауыт бүгінде Каспий теңізіндегі шекара қызметінде жүрген кемелерді құрастырады.  

Депутат кәсіпорын цехтарындағы жұмыстармен танысып,  ұжым қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.


Зауыт қызметкерлері кәсіподаққа мүшелікке өту проблема
сын қозғады. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбекқұқықтарын қорғау, жалақысын көтерубойынша біраз мәселе көтерілді. Азат Перуашев бұл жайттарды мұқият зерттеп, заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Парламентте қабылданып және қаралып жатқан заңдарға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы депуттардың ұсыныстарын айтып, жан-жақты түсіндіріп берді.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1231
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2945
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3290