Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Ақмылтық 2550 8 пікір 28 Тамыз, 2023 сағат 14:33

Қауіп: Ресейлік фирмалар Қазақстанға қаптап жатыр...

Қазақстанда дәл қазір, 1 тамыздағы дерек бойынша, 41 мынан астам шетелдік фирма тіркеліп отыр.

Бұл былтырғы жылға қарағанда 38%-ға көп. Солай десек те, Орта Азиядан басқа өңірлерге қатысты барар жері, басар тауы қалмаған солтүстік көршіміздің бізді жағаламағанда кімді жағалайды?

Ресейлік капиталы 70%-ды құрайтын фрималар жаңбырдай кейінгі саңырауқұлақтай осылайша өсіп шыға келді.

«Дәл осы жағдайды Қазақстанда 18 мыңнан аса ресейлік капиталға ие фирамалар аша алдық», - деп еліміздегі Ресей сауда өкілі РИА Новости-ға қуана мәлімдеді.

Қазақ жағы Ресей сауда өкілдігін осы жылдың басында жауып тастаған болатын. Себебі неден екенін жақсы білесіздер. Ресей керсініше, ЕО бұғатқа түсуі ықтиал капиталын, ОА бағыттай бастады. Арты жақсылық болсын деп тілейік!

Abai.kz

8 пікір