Сенбі, 23 Қараша 2024
3576 5 пікір 1 Қыркүйек, 2023 сағат 16:23

Қазақстанда 71 мектептің ғимараты құлағалы тұр

Қазіргі таңда елімізде 71 мектептің ғимараты апатты деп танылған, 136 мектеп үш ауысымда оқытуды жургізеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев айтты, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы. 

Бұл мәселелерді шешу үшін ағымдағы жылы бюджеттік қаржыландыру есебінен 132 мың оқушы орнына 154 мектеп пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде жаңа оқу жылына дейін 65,6 мың оқушы орнына 52 мектеп пайдалануға беріледі.

Осы мектептерді пайдалануға беру 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деді Жомарт Қарамбаев.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылып жатқанын айта кетті.

Ұлттық жоба шеңберінде 2026 жылға дейін қалаларда және белсенді дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде оқушы орындарының ағымдағы және болжамды тапшылығын жабу үшін 740 000 жаңа оқушы орындық (екі ауысымды оқыту кезінде) 369 мектеп пайдалануға берілетін болады.

Мәселен, 2023 жылы екі ауысымда 461,0 мың оқушы орынға                            217 мектептің құрылысын бастап 2024 жылы пайдалануға беріледі. 2024 жылы екі ауысымда 279,0 мың оқушы орынға 152 мектептің құрылысын бастап 2025 жылы пайдалануға беру жоспарлануда,- деді оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364