Сәтқалиев АЭС салу туралы не дейді?
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша жалпыұлттық референдумның өткізілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
"Мұндағы мәселе құзыреттілікті бөлуге қатысты. Менің ойымша, референдум бірінші кезекте қазақстандықтардың осы технологияны дамытуға қатысты пікірін білуге бағытталған, ал Үкімет өз тарапынан қоғамға қолайлы шешімді ұсынады", - деді Алмасадам Сәтқалиев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң.
Айта кетейік, бүгін АЭС салу мәселесінің жалпыұлттық референдум арқылы шешілетіні хабарланған еді. Ал оған дейін Үлкен ауылы тұрғындары АЭС салуды қолдаған болатын. Сондай-ақ сарапшы Қазақстанның АЭС салғанмен, көмірден бас тарта алмайтынын айтты.
Abai.kz