«Секе, оралыңыз» - Елеусінов Маржықпаевқа өтініш жасады
Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жаңадан құрылған Туризм және спорт министрлігінің басшысы Ермек Маржықпаевтан Олимпиада чемпионы, Мәжілістің экс-депутаты Серік Сәпиевті қызметке алуын өтінді.
«Жеке Туризм және спорт министрлігі құрылғаны туралы жақсы жаңалық естідім. Жаңа министрлікті бұрынғы спортшы Ермек Маржықпаев басқарды, бұл екі есе жағымды жаңалық. Ермек Маржықпаев, тағайындалуыңызбен құттықтаймын! Бізге спорттың барлық мәселелерін іштей білетін және мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар спорт адамдары қажет. Онда өз ісінің маманы Серік Сапиевті көру жақсы болар еді. Секе, оралыңыз және біздің спортты олимпиада биіктеріне көтеріңіз», - деп жазды Д.Елеусінов Іnstagram-парақшасында.
1 қыркүйек күні Президент Жарлығымен 5 жаңа министрлік: Су ресурстары және ирригация министрлігі; Көлік министрлігі; Туризм және спорт министрлігі; Мәдениет және ақпарат министрлігі; Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылды.
Туризм және спорт министрі қызметіне 2019 жылдан бері Ақмола облысының әкiмi болған Ермек Маржықпаев тағайындалды.
Ал 40 жастағы Серік Сәпиев бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы. 2017-2019 жылдары – Мәжіліс депутаты, 2019-2021 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы, 2023 жылдың сәуірінде «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Abai.kz