Сенбі, 23 Қараша 2024
1582 0 пікір 5 Қыркүйек, 2023 сағат 10:35

Сочидегі басқосу: Астық келісімі қалпына келе ме?

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен РФ президенті Владимир Путин Сочи қаласында астық келісімін қалпына келтіру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Halyq-uni.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Түркия президенті Сочиге бір күндік жұмыс сапарымен барған. Ол Путинмен аймақтық және жаһандық мәселелерді, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды талқылайды.

Көшбасшылар арасындағы келіссөздердің күн тәртібінде былтыр жаһандық азық-түлік дағдарысын айтарлықтай жеңілдеткен Қара теңіз астық бастамасын қалпына келтіру де бар. 17 шілдеде Ресей Түркия мен БҰҰ делдалдық жасаған Украинаның Қара теңіздегі 3 портынан астық экспортын қалпына келтіру туралы келісімге қатысуын тоқтатты, – деп жазды түрік бұқаралық ақпарат құралы.

Түрік тарапы 2022 жылдың шілдесінде жасалған астық келісімі деп аталатын келісімді қалпына келтіруге күш салып отыр. Сонымен қатар, Анкара Киев пен Мәскеуді Ресей-Украина қақтығысын тоқтату үшін бейбіт келіссөздерге көшуге шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін, яғни 2023 жылдың шілдесінде Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұлда Украина президенті Владимир Зеленскиймен де астық келісімін талқылаған болатын.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369