«Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жетті
Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді.
«Осы жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгісіз, яғни белгіленген жоқ»,- деп хабарлады Алматы қаласы сотының баспасөз қызметінен.
Еске салайық, былтыр 7 қаңтарда Алматыда полицейлер «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын.
Кейін Бас прокуратура «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын жеткізді.
Ал Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы 2022 жылдың 22 сәуірінде хабарланды.
Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қаңтар оқиғасы кезінде адам жинауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.
Abai.kz