Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Әне, көрдің бе? 3437 3 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 13:55

Назарбаев әулеті тағы бір рет бармақ тістеді

Коллаж: КазТАГ

Бұрынғы президенттің кіндік қаны тамған жер – Шамалған тағы бір даудың думанына айналды.

Бұл жолғы даудың көрігін қыздырған Алматы облысының қаржы басқармасы «Үшқоңыр сушаруашылығы» колледжін мемлекеттің қарауына қайтарып алу үшін меншік иесі ЖК «Әнипаның» үстінен сотқа арыз берген болды.

Енді осы арыз қанағаттандырылып, бұрын экс-президенттің қарындасы Әнипа Назарбаеваның қарауында болған оқу орны мемлекет қарауына қайтарылды.

Әнипа Назарбаева сот соңында бар-жоғы 3450 (үш мың төрт жүз елу) теңге баж салығын төлеумен жеңіл құтылды. Сонда жалғанды жалпағынан басқан бұл әулет осылай жеңіл желпі болымсыз қаржы төлеумен, жазасыз құтыла бере ме? Олардың бұрынғы бауырына басқандарын қайтару керек-ақ. Аладайда олар ол дүниелерді қалай, қандай жолмен иемденді? Тергеу ашық жарияланып, жаза қолданылмай ма?

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 677
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2671
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1716