Сенбі, 23 Қараша 2024
1710 1 пікір 7 Қыркүйек, 2023 сағат 12:15

Қазақстанда уақытша тұруға 314 мыңнан астам шетелдік рұхсат алды

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жыл басынан 314 мыңнан астам шетелдік Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алған. 

«2023 жылы 314 741 шетелдік азамат Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды. Олардың ішінде Өзбекстаннан – 212 445, Ресейден – 68 743, Қырғызстаннан – 12 119 Тәжікстаннан – 9 066 адам», - делінген агенттіктің ресми сауалына берілген жауапта.

Осы орайда министрлік аталған шетелдік азаматтардың елімізде қандай қызмет салаларында жұмыс істейтіндігіне қатысты есеп жүргілмейтінін атап өтеді.

Сонымен қатар ведомство өзге ел азаматтары ең көп орналасқан өңірлерді атады. Ұсынылған дерекке сәйкес, Алматыда – 54 260, Атырау облысында –43 314, Алматы облысында – 26 679, Маңғыстау облысында – 26 280, Астана қаласында 25 588 шетелдік тұрып жатыр.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364