Сенбі, 23 Қараша 2024
1114 2 пікір 8 Қыркүйек, 2023 сағат 15:30

Бір жылда азық-түлік бағасы қаншаға өсті?

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық мәнде 6,5% өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2023 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Рожки – 316 тг/кг;

Қарақұмық – 331 тг/кг;

Күнбағыс майы – 770 тг/л.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391