Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
1382 1 пікір 12 Қыркүйек, 2023 сағат 12:41

Мұхамедиұлының ісі қайта қаралып жатыр

Елорда соты апелляциялық шағым бойынша Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты қылмыстық істі қайта қолға алды, деп жазды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы 20 маусымда сотталушылардың қорғаушыларының атынан түскен апелляциялық шағым негізінде А. Мұхамедиұлы, А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшеновке қатысты қылмыстық іс қайта қаралады», - деді судья Мұрат Еркінбекұлы.

Айта кетейік, сот отырысында А. Мұхамедиұлының үш сыбайласының (А. Нұразхан, А. Сәдуақасова және А. Көшенов) ісі бірге қайта қаралып жатыр.

Сондай-ақ, судья сот отырысының ашық форматта, яғни, қатысушыларға шектеу қойылмайтынын айтты. Сотталушылардың адвокаты мен қорғаушылары өз өтініштерін білдіріп, сот отырысын кейінге шегеруді ұсынды.

Еске салайық, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы 2022 жылы 28 мамырда қамауға алынған еді.

Оған «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Айта кетсек, сот барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындамады.

Биыл 20 маусымда сот үкімімен Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар елорда соты оның сыбайластарына да үкім шығарды. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысының 3 сыбайласы да 7 жылға сотталды.

Еске салайық, биыл 26 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының қорғаушысы сотқа істі қайта қарау туралы апелляциялық шағым түсірген еді.

Аталған сот отырысының жалғасы 14 қыркүйек күні сағат 9:30-да өтеді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320