Сенбі, 12 Сәуір 2025
1340 0 пікір 12 Қыркүйек, 2023 сағат 14:27

Мамайдың жақтастары Конституциялық сотқа арыз түсірді

Тіркелмеген Демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамайды қорғаушы тарап Конституциялық сотқа арызданды. Белсенді қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деген айыппен сотталған.

Қорғаушы сотқа арызданғанын Жанболат Мамайдың әйелі Инга Иманбай фейсбукте жазды.

Адвокат Ернар Кенжебаевтың пікірінше, Жанболат Мамайдың өзін қорғау құқығы бұзылған, себебі прокурор әуелі оған орташа ауыр бап негізінде айып тағып, кейін сот кезінде оны ауыр бапқа ауыстырған, соған байланысты сотталушының өзін қорғау құқығы бұзылған.

10 сәуірде Жанболат Мамай алты жыл шартты жаза алды. Оған пробациялық бақылау орнатылды. Белсендіні 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деп айыптады. Бұған қоса сот оған қоғамдық-саяси қызметпен, журналистикамен айналысуға, қоғамдық бірлестіктер жұмысына қатысуға алты жылға тыйым салды.

Сот үкімімен келіспеген Мамай апелляциялық шағым түсірді. Алайда маусым айының аяғында сот алғашқы инстанция шығарған үкімді өзгертпеді.

Халықаралық адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың бірқатары Астананы белсендіге тағылған айыптардан бас тартып, сот шешімін өзгертуге шақырған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4613
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3638