Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1605 1 пікір 12 Қыркүйек, 2023 сағат 14:30

Өзбекстан: «Таулы Қарабақ сайлауын мойындамаймыз»

Өзбекстан 9 қыркүйекте Таулы Қарабақта өткен сайлауды мойындамайтынын мәлімдеді. Осылай деп елдің сыртқы істер министрлігі жеткізді.

"Өзбекстан тату қарым-қатынастағы Әзербайжанның территориалдық тұтастығы мен егемендігін қолдайды. Оған қол сұққан кез келген әрекеттерді айыптайды. Қарабақта өткен президент сайлауын мойындамайды", - делінген мәлімдемеде.

Таулы Қарабақтағы мойындалмаған "халықтық парламент" 9 қыркүйекте арнайы жиналыс өткізіп, 45 жастағы Самвел Шахраманянды президент етіп сайлады.

"Жабық дауыс беруге 23 депутат қатысы, 22-сі Шахраманянды қолдады, біреуі қарсы дауыс берді", - деп мәлімдеді "Интерфакс". Шахраманян президенттікке жалғыз үміткер болған.

1 қыркүйекте Таулы Қарабақтың мойындалмаған президенті Араик Арутюнян өзінің отставкасын жариялаған.

Сайлауды Еуропалық одақ та мойындамады.

 

Abai.kz

1 пікір