Сенбі, 12 Сәуір 2025
1963 2 пікір 13 Қыркүйек, 2023 сағат 14:33

Берік Уәли президенттің баспасөз хатшысы болып қайта тағайындалды

Қазақстан президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли осы қызметке қайта келді. Бұл жөнінде Ақорда хабарлады. Ол президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін қатар атқаратын болады.

Осыған дейін 6 қыркүйекте Нұрмұхамед Байғараев президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған. Алайда 11 қыркүйекте ол денсаулығына байланысты бұл қызметті атқара алмайтынын мәлімдеді.

Берік Уәли Тоқаев 2019 жылдың наурыз айында президент болған күннен бастап баспасөз хатшысы қызметіне келген.

2022 жылдың наурыз айында ол мемлекеттік "Хабар" телеарнасының басқарма басшысы болып тағайындалды.

Оның орнына Руслан Желдібай келген. Ол таяуда президенттің ішкі саясат және байланыс жөніндегі көмекшісі қызметіне кіріскен.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636