Жұма, 11 Сәуір 2025
1860 1 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 13:28

Репрессияға қатысты 2,4 млн құпия мәлімет жарияланды

Қазақстан билігі 1929–1956 жылдары саяси репрессияға ұшырап әрі құпия болып келген 2,4 миллион мәліметті жариялады. Бұл жөнінде елдің бас прокуратуры мәлімдеді.

Арнайы жер аударылған 251 мың адамның ісі Қазақстан президентінің архивіне жіберілген. Бұл қызығушылық танытқан адамдарға қолжетімді болады.

"Жыл соңына дейін 265 мың істі береміз. Жер аударылғандар, сотталғандардың 311 мыңы ақталды", - делінген мәліметте.

2020 жылы Қазақстан билігі саяси репрессия құрбандарын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құруға бұйрық шығарған.

Бұл комиссияның алғашқы отырысы 2020 жылдың 3 желтоқсанында өткен. Сол кездегі комиссия төрағасы болған Қырымбек Көшербаев — "біздің мақсатымыз совет дәуірінде қуғынға ұшырған барлық саяси репрессия құрбандарын ақтау" деген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1761
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4549
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3551