Сенбі, 23 Қараша 2024
1815 1 пікір 19 Қыркүйек, 2023 сағат 16:27

Қарабақта тағы соғыс: Әзербайжан антитеррорлық операция жүргізіп жатыр

«Кең ауқымды арандатушылықтардың жолын кесу, армян қарулы күштерін біздің аумақтардан қарусыздандыру және шығару, әскери инфрақұрылымды «бейтараптандыру» және Әзербайжан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аймақта «жергілікті антитеррорлық шаралар басталды», – деп хабарлады Әзербайжан Қорғаныс министрлігі.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің айтуынша, Конституциялық құрылысты қалпына келтіру үшін де осындай шараларды қолға алып отыр екен.

Сонымен қатар, Әзербайжан әскерилері «алдыңғы шепте және тереңде жоғары дәлдіктегі қаруды қолдану арқылы армян қарулы күштері құрамаларының позициялары», атыс нүктелері мен әскери нысандар жарамсыз болып жатыр деп мәлімдейді.

Сондай-ақ, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ресейлік бітімгершілік күштерінің қолбасшылығын және түрік-ресей бірлескен бақылау орталығының басшылығын «жүргізілген іс-шаралар» туралы хабардар еткенін мәлімдеді.

Армения тарабы осыған дейін аймақта бірнеше мәрте провокация жасап, Әзербайжан позицияларына оқ жаудырған. Сол арандатушылықтардың шегі төмендегі екі факт.

Біріншісі: Қарабақ сепаратистерінің 9 қыркүйектегі заңсыз сайлауы.

Екіншісі: Бүгін Әзербайжанның Хожабенд аймағында болған жарылыс. Онда 6 адам қаза тапты. Әзербайжан тарапы армян диверсиялық топтары жолға мина орнатқанын айтты. Ал Әзербайжан қоғамы Қарабақтағы армян сепаратистерінің қолында қалған аймақты толық қайтару үшін бүгін әскери операция бастауды талап еткен.

Талап етілген опреация басталды. Ресей мен Түркияның бітімгер күштері мен мониторинг орталықтарына ескерту жасалған.

Дәл қазір ұрыс Ханкенді, Агдере, Шуша бағыттарында жүріп жатыр. Әзербайжан, Ханкенді маңындағы Арменияның артиллериялық қондырғыларының көзін жойып, Ханкендіге дрондар арқылы шабуыл жасауда.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434