Туризмге 3 жылда 4 млрд доллар инвестиция тартылған
Соңғы үш жылда Қазақстанда туризмге 4 млрд доллар инвестиция құйылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведосмство мәліметінше, 2020-2022 жылдары отандық туризмге 4 млрд доллар инвестиция тартылған. Мысалы, былтырғы инвестиция көлемі – 513,3 млрд теңге.
Сондай-ақ өткен жылы елімізде 400-ден аса туристік нысан салынды. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Қазақстан туризмді дамыту үшін салаға жеке капиталды белсенді тартып жатқанын атап өтті.
2022 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шараларымен туризм объектілерін салу, тау шаңғысы курорттарын дамыту және туристік автобустар сатып алу жөніндегі жобалар іске қосылды. Сондай-ақ туроператорларға шетелдік туристерді тартқаны үшін субсидиялар берілетін болды. Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтар үшін балалардың әуе билеті субсидияланады, - деді министрдің орынбасары.
Сөз соңында ол шетелдік инвесторларды тартуға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz