Сенбі, 23 Қараша 2024
2472 1 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 09:39

Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы дерек алмасады

Қазақстан мен Қытай екі ел азаматтары жайлы мәліметтерді алмасу туралы жасалған келісімді ратификациялады.

Бұл келісім екі тараптың азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасуды көздейді. Мәселен, елге кіріп-шыққандар, елге кіру мен онда болу ережесін бұзғандар және азаматтық алғандар туралы мәліметтермен алмасу мүмкіндігі пайда болады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл келісімге биыл 17 мамырда Қытайға барғанда қол қойған.

"Бұл ақпарат елдерге қос азаматтықпен күресу және заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін қажет. Келісім егемендікке, қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда және заңға қайшы келген сұрауларды орындаудан бас тартуды көздейтінін ескертемін. Қазірге дейін бес мемлекетпен (Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан) осыған ұқсас екіжақты келісімдер жасалды", - деді заң жобасын мәжілісте таныстырған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Құжат парламенттің жоғарғы палатасы – сенатқа түсті. Сенат мақұлдаса, президентке қол қоюға жіберіледі.

Биыл мамырда Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей президенттері ел азаматтарына қатысты ақпараттар алмасу туралы келісімге қол қойған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364