Сенбі, 23 Қараша 2024
2290 1 пікір 22 Қыркүйек, 2023 сағат 09:39

«Қазақстан ұны қымбат»: қырғыздар өз өнімін көбейтуге күш салуда

Қырғызстан ауыл шарушылығы министрлігі нарықтағы ұн бағасын тұрақтандыру үшін ұн өндірушілер қауымдастығымен бірге жәрмеңкелер ұйымдастырып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Мекеме мәліметінше, Бішкектегі жәрмеңкеде жергілікті ұнның жоғарғы сортты бір қабы 1 860 сом, бірінші сорты 1500 сом, екінші сорты 1125 сом тұрады. Жәрмеңке астанадағы ең ірі төрт базарда ұйымдастырылды.

Министрлік өкілінің айтынша, Қырғызстанда ұн жеткілікті, сол себепті алаңдауға негіз жоқ.

Мәліметтерге қарағанда, қазақстандық ұн қымбаттап кеткен соң, тұтынушылар отандық өндірушілердің ұнын көбірек ала бастаған. «Өйткені ішкі нарықта сатылған ұнның елу пайызы қазақстандық болған. Қазір кәсіпкерлер отандық өнімді көбейтуге күш салып жатыр» деп хабарлады министрлік.

Кейінгі апталарда Қырғызстанда Қазақстанда өндірілген ұн әжептәуір қымбаттады. Үкімет мұның себебін күз маусымында тауарды теміржолмен жеткізу қиындағанымен түсіндірді.

Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, қыркүйектің басында бірінші сорттағы ұнның бір келісінің орташа бағасы 51,02 сом болған.

Қырғызстан ұн мен астық импортына тәуелді. 2023 жылдың жеті айында Қазақстаннан 16 197 тонна азық-түлік жеткізілді. Бұл – импорттың 88 пайызы. Осы уақыт аралығында Қырғызстан 181 210 тонна астық импорттаса, соның 97 пайызын Ресейден алған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364