Энергетикалық сусын сатып алуға жас шектеуі қойылады
21 жасқа толмаған қазақстандықтарға энергетикалық сусындарды сатып алуға тыйым салынуы мүмкін.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
«Мәжілісте «Халық денсаулығы туралы» заң жобасы аясында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу қаралып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы қолдап отыр. Ұсыныс жақын арада Сенатқа жіберіледі», - деді министр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халықтың 21 пайызы темекі шегетін болса, балалардың 20%-ы артық салмақпен күресіп келеді. 11-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындар ішеді.
Abai.kz