Жұма, 22 Қараша 2024
1688 0 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 12:25

Ең көп ұрлық Алматыда жасалады

Қазақстанда биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылы 42 752 іс жасалса, биыл қылмыс саны біршама азайып, 30 173 іс тіркелген.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сүйенсек, аймақ бойынша ұрлық ең көп ұрлық дерегі Алматы қаласында тіркелген.

Атап айтқанда:

  • Алматы қаласы – 7154;
  • Астана қаласы – 3541;
  • Алматы облысы – 2197;
  • Қарағанды облысы – 2114;
  • Қостанай облысы – 1519;
  • Ақтөбе облысы – 1413;
  • Шымкент қаласы – 1447.

Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген.

Олардың басым бөлігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы қаласы – 2287;
  • Астана қаласы – 844;
  • Алматы облысы – 576;
  • Қарағанды облысы – 527;
  • Ақтөбе облысы – 424;
  • Абай облысы – 431;
  • Шымкент қаласы – 467.

Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.

Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.

Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды.

Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы облысы – 172;
  • Батыс Қазақстан облысы– 124;
  • Түркістан облысы – 124;
  • Жетісу облысы – 93;
  • Жамбыл облысы – 68;
  • Абай – 66.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308