Бас Прокуратура: «Самат Әбішке қатысты тергеу бұрын басталған»
Қаңтар оқиғасынан бір жыл өткенде экс-президент Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс қозғалды. Журналистер Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтен Самат Әбішке қатысты тергеудің неліктен кеш басталғанын сұрады.
«Оған қатысты қылмыстық істің нақты қашан қозғалғанын білмеймін, бірақ тергеу жүргізіліп жатқанына біраз болды»,-деп жауап берді ол.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы 19 қыркүйекте Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру болып жатқанын хабарлады.
Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы кезінде билік пен лауазымдық өкілетін асыра пайдалану әрекеті бойынша тергеліп жатыр.
Оған ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.
Abai.kz