Жұма, 22 Қараша 2024
1746 2 пікір 27 Қыркүйек, 2023 сағат 14:33

Байқоңырды жалға беру құны өзгермейді

Қазақстан билігі Ресейге жалға беріп отырған Байқоңыр кешенінің жал пұлын қайта қарастырмайды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді.

Байқоңыр кешені құрамына ғарыш айлағы мен бірге қала да кіреді. Ол Ресейге 20 жылға жалға берілген. Келісім 1994 жылдың 28 наурызында жасалған. Ал келісімшарт 1994 жылдың 10 желтоқсанында түзілген.

2004 жылы Байқоңырды жалға беру уақыты ұзартылды. Сөйтіп, Ресей Байқоңырды 2050 жылға дейін пайдаланатын болып шешілген. Ол үшін Ресей Қазақстанға жыл сайын 115 млн доллар төлеуге міндеттелген.

Қазақстан қоғамы Ресейден Байқоңырды қайтарып алу туралы бірнеше мәрте бас көтеріп, талап қылған. Экологтар Ресей Қазақстан экологиясына орасан зор зардап келтіруде деп дабыл қағуда.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313