«Стати ісі» һәм Бекетаев-Байбек тандемі
Оның жеңісі бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев пен Назарбаевтың кластасының баласы Бауыржан Байбектің жағдайын нашарлата алады, - деп жазады DALA INSIDE.
Бекетаев-Байбек тандемі «Стати ісі» бойынша мемлекет мүлкін талан-таражға салды деп айыпталуы мүмкін.
Әкелі-балалы Статилер иелік ететін ASCOM Group жағдайы тым мүшкіл болып барады. Соңғы 2 жылда компания 50 миллион лей шығынға батып қалған. Молдоваға салық берешегі көбейіп кеткендіктен, оның мемлекеттік органдармен арасы суып жатыр.
Бірақ жағдайды Қазақстан құтқарып қалмақ. Швеция соты Стати пайдасына 76 миллион доллар, ал Гибралтар соты 2 миллион доллар кесіп берді. Енді ол ақшаны Қазақстан тез арада Статиге төлеуі тиіс. Бұл жағдайда Анатоли Стати өз қарыздарын жауып, жағдайын түзеп алады.
Қазақстан Стати ісінен 1 миллиард доллар жоғалтуы мүмкін. Еліміз қазірдің өзінде 500 миллион доллар болатын өтемақы төлеуді кейінге қалдыру үшін сот шығындарына 300 миллион долларын жұмсады. Бұған қоса, 500 миллион долларға проценттер жүріп жатыр.
Анатоли Стати «Біз Қазақстаннан өтемақыны асықпай, бірақ сенімді түрде өндіртіп жатырмыз. Бірнеше жыл бұрын Қазақстанның 1 миллиард доллардың жартысын төлеп құтылатын мүмкіндігі болып еді. Бірақ осы қомақты шығындардан жеке пайда көргендер басқаша шешім қабылдады», - деп отыр.
Стати ісін тыныш жасырып қойып, архивке жібере салу мүмкін емес. Кейін осы қателіктер үшін бәрінен жауап сұралатын болады. 1 миллиард доллар оңай ақша деп айта алмаймыз.
Abai.kz