Сейсенбі, 18 Тамыз 2026
Жаңалықтар 659 0 пікір 17 Тамыз, 2026 сағат 13:30

Джо Хаттабтың Қазақстан туралы видеосы шықты

Сурет: Дастан Мұхамедрахымның әлеуметтік желісінен алынды.

Тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (bydastann) әлемге танымал деректі фильм түсіруші Джо Хаттабтың Қазақстанға арналған жаңа деректі фильмінің жарыққа шыққанын хабарлады. Фильм блогерлердің Қазақстан бойынша бірге жасаған сапарының нәтижесінде түсірілген. Бұл сапарда Дастан шетелдік қонаққа жол көрсетуші болды.

Фильм шын мәнінде таңғажайып шыққан. Ал оның керемет визуалы жанр классикасына айналуға лайық. Кадрларда Іле Алатауының лаванда алқаптары, Маңғыстаудың ғарыш іспетті пейзаждары мен елорданың футуристік көріністері бейнеленген. Осының барлығы фильмнің жарыққа шыққаннан кейін бірден миллиондаған қаралым жинауына мүмкіндік берді.

Мұхамедрахым оқырмандарына Джо Хаттабтың Сальвадордағы түрмеде түсірген тағы бір резонансты фильмін де еске салды. Аталған видео шамамен100 миллион қаралым және 51 мың пікір жинап, оның арнасындағы ең көпталқыланған жұмыстардың біріне айналған. Блогер Қазақстан туралы жаңафильм үшін дәл осы көрсеткішті меже ретінде атады.

Дастан қазақстандық оқырмандарын өзіндік челленджге қатысуға шақырып, Қазақстан туралы жаңа фильмнің астындағы пікірлер саны бойынша рекорд орнатуға тырысуды ұсынды. Қазақстандықтар бұл бастамаға қазірдің өзіндебелсенді түрде қосылды. Белсенділіктің өсу қарқынына қарағанда, Қазақстантуралы фильм атақты саяхатшының ең көп қаралған жұмыстарының өзінбасып озуы мүмкін.

Айта кетейік, Джо Хаттаб пен Дастан Мұхамедрахымның Қазақстан бойыншабұл сапарына MegaAmerican есімімен танымал тағы бір Instagram тревел-блогер де қатысты.

Abai.kz

0 пікір