Алматы әкімдігінің ғимаратын жөндеуге 17 млрд теңге жұмсалды
Қаңтар оқиғасында өртенген Алматы әкімшілігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Азаттықтың хабарлауынша, қала әкімдігінің ғимараты 1978 жылғы сызбалар бойынша қайта жасалған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы басталды. Жобаға шамамен 17 млрд теңге ($35,5 млн) жұмсалды. Ғимараттың ішіне өртенбейтін материалдар мен түтінді кетіретін жаңа жүйе орнатылған.
Abai.kz