Сенбі, 23 Қараша 2024
1307 2 пікір 5 Қазан, 2023 сағат 11:49

Алматыда тағы бір қарақалпақ белсендісі бостандыққа шықты

Бүгін Алматыдағы тергеу изоляторынан тағы бір қарақалпақ белсендісі Зиуар Мирманбетова босатылды. Бұл туралы еліміздегі қарақалпақ диаспорасының өкілі Ақылбек Мұратбай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

"Зиуар Мирманбетова бір жыл бұрын Өзбекстан полициясы мен арнайы қызметінің қатысуымен Қазақстан аумағында ұсталған болатын. Жалпы, Ташкенттің сұрауы бойынша шетелде қарақалпақ диаспорасының 5 өкілі тұтқындалды. Солардың бірі Тілеубике Юлдашева әлі Ақтөбедегі тергеу изоляторында отыр", - деп жазды Ақылбек Мұратбай.

Оның сөзінше, қарақалпақтарды қудалау 2022 жылдың шілде айында Қарақалпақстандағы бейбіт шеруге оқ атудан кейін басталған.

"Онда ондаған (кейбір деректер бойынша жүздеген) адам қаза тапты. Бірқанша журналистер, заңгерлер, блогерлер мен азаматтық белсенділер ұзақ мерзімге түрмеге қамалды", - дейді қарақалпақ диаспорасының өкілі.

Бұл оқиғаларды тексеру үшін президент Мирзиёев мемлекеттік комиссия құрды. Алайда ол ұйым жұмыс істеп бастағалы бергі 15 ай ішінде ешбір есеп жарияламаған.

16 қыркүйек күні түнде Алматыдағы тергеу изоляторынан тағы бір белсенді – Раиса Құдайбергенова босатылған.

Раиса Құдайбергенова – қамаудан босатылған үшінші белсенді. Одан бұрын Қазақстанның оңтүстік астанасындағы тергеу изоляторынан Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетов босатылған болатын.

Фото:ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357