«Қайыңды-Саты» жолында апат болып, 34 адам зардап шекті
«Қайыңды-Саты» жолындағы апаттан зардап шеккен 34 адамның жағдайы белгілі болды.
«Жол апаты салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 34 адам зардап шекті. Оның 20-сы әйел,14-і ер адам. Барлық зардап шеккендерге алгоритм бойынша толық көлемде жедел медициналық көмек көрсетілді .Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитариялық автокөлік) жіберілді. Кеген аудандық ауруханасында 1, Шелек ауылының аудандық ауруханасына 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына 9 науқас ем қабылдап жатыр, жағдайлары орташа ауыр», - деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Әкімдіктегілер апаттың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Автобус жүргізушісі Кеген ауданы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істі облыстық полиция бастығы мен Алматы облысының әкімі бақылауға алды.
Бұған дейін 5 қазан күні Кеген ауданы Саты ауылы аумағындағы «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9-шы шақырымында 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалысқа шығып, 1997 жылы туған О. есімді азамат басқарып келе жатқан «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқаны туралы жазылды.
Фото: ашық дереккөзден
Abai.kz