Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1623 2 пікір 10 Қазан, 2023 сағат 14:46

Израиль Газаны бақылауға алды

Израиль қорғаныс министрлігі палестиникалық ХАМАС радикал тобы басып алған жерлерді қайтадан бақылауға алдық деп мәлімдеді.

Осылай деп Израиль армиясының өкілі Даниэль Хагари мәлімдеді. Алайда, оның сөзінше, Израиль аумағында Газадан өткен қарулы топтар жүруі мүмкін деп ескертті.

Ал ХАМАС тобы болса, бұл мәліметті теріске шығарады.

Қорғаныс министрі Йоав Галант Газаны толық қоршауға алғанын мәлімдеді.

"Жарық та, жылу да, тамақ та болмайды", - деді ол. Оның сөзінше, "адам бейнесіндегі жануарлармен күресіп жатыр". Израиль әскері Газадағы нысандарға шабуылды жалғастырып жатыр. Соғысқа запастағы 300 мың сарбазды шақырғанын мәлімдеді.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

2 пікір