Сенбі, 23 Қараша 2024
1732 1 пікір 10 Қазан, 2023 сағат 14:57

Студент өлімі: Тоқаев ерекше бақылауға алды

Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Бурабай және Жамантұз теміржол станциялары аралығынан студенттің денесі табылды. Студент бопсалаудың құрбаны болды деген нұсқа айтылды, алайда полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі (жол қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзудың абайсызда адамның өліміне әкеп соғуы) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Фото:ғаламтордан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415