Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет аралық кеңесінің 11 отырысы Ақылбек Жапаров пен Әлихан Смаиловтың қатысуымен қыркүйектің соңында Тараз қаласында өткен. Онда тараптар су беруді қалпына келтіруге келіскен.
"Біз Қырғыз республикасының ауыл шаруашылығы министрімен кездесіп, Киров су қоймасын ашу бойынша келістік. Қазір су қоймасынан 12 текше метр су Жамбыл облысының су қоймасына беріліп жатыр", - деді Нұржігітов.
Соңғы екі айда су берілу тоқтаған болатын.
Биыл Қырғызстанның Киров су қоймасында су деңгейі соңғы 30 жылдағы ең төменгі деңгейге түскен. Қазақстан суғару суының жетіспеуіне байланысты 13 ауданда төтенше жағдай жариялаған.
1976 жылы салынған Киров су қоймасына 550 млн текше метр су сияды. Ресми мәліметке қарағанда, 2016 жылы ең көп су жиналып, көлемі 500 млн текше метр болған. Киров су қоймасына жиналған судың 80% Қазақстанға кетеді.
Таластың Манас ауданы судың 20 пайызын ғана қолданады. Қазақстан су алғаны үшін Киров су қоймасына жыл сайын жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырады.