Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1239 2 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 15:13

Адам құқықтары жөніндегі комиссия: Құрам өзгерді

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертті.

Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына төмендегі адамдарды қосты:

Балаева Аида Ғалымқызы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі,

Бурашева Гүлмира Майорқызы – «Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі Комиссия» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша),

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,

Ехласова Әлия Айтбекқызы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы,

Жақыпова Светлана Қабыкенқызы — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы,

Закиева Динара Болатқызы — Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (келісім бойынша),

Имашева Снежанна Валерийқызы-Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі,

Сергей Пен – М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ректоры,

Ержан Сапарбекұлы Сәденов — Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Әбішев Тастемір Дәуітұлы-Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, Комиссия хатшысы,

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы — Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,

Лукин Андрей Иванұлы — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),

Сабитова Айнұр Әлімханқызы — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Сорбонна — Қазақстан институтының директоры (келісім бойынша).

«Көрсетілген Комиссия құрамынан: М.М. Ахметжанов, Е. О. Алауханов, М. С. Башимов, Г. Б. Бейсембаев, О. А. Бектенов, Д. К. Қыдырәлі, Д. Қ. Мыңбай , А. Р. Оралов, А.С. Платонов, А Саин, М. Б. Тілеуберді  шығарылсын делінген Тоқаевтың Жарлығында.

Құжат қазірдің өзінде қолданысқа енгізілді.

Фото: Ашық дереккөздерден

Abai.kz

2 пікір