Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1111 0 пікір 17 Қазан, 2023 сағат 14:49

Тұрмыстағы зорлық-зомбылық: 4 жылда 869 адам қаза тапты

Соңғы 4 жылда 869 қазақстандық тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмды. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Осы жылдар аралығында тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан тағы 2 мыңнан астам адамның денсаулығына залал келген. Қазір елде 68 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, оның 19-ы зардап шеккендерді уақытша баспанамен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық пен буллиңге ұшырағандар 111 жедел нөмірі арқылы көмек ала алады.

Фото: ғаламтордан

Abai.kz

0 пікір