Сенбі, 23 Қараша 2024
1199 2 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 14:56

«Мемлекетке сатқындық жасаған» - қырғыз соты депутатты қамауда қалдырды

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында 18 қазанда Жогорку Кеңеш депутаты және "Бүтін Қырғызстан" фракциясының лидері Адахан Мадумаровтың ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтті.

Сот отырысы мемлекеттік құпияға байланысты жабық өтті. Отырысқа қатысқан депутат Гуля Кожокулова оны қамауда қалдыру жөнінде шешім қабылдады деді.

Депутаттың адвокаты Ольга Жукова Мадумаровты үйқамаққа ауыстыру жөніндегі өтініші қабылданбағын жеткізді. Ол сот шешіміне қарсы арыз беретінін мәлімдеді.

Адахан Мадумаров биыл 2 қыркүйекте ұсталған. Оған "Мемлекетке сатқындық жасады" деген бап бойынша айып тағылғаны мәлім болды.

Биыл маусым айында Жогорку Кеңеш Адахан Мадумаровты қырғыз-тәжік шекарасы бойынша Торт-Кочо учаскесіне қатысты қабылданған қаулыға байланысты қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде дауыс берген. Бұл қаулыға Адахан Мадумаров 2009 жылы Қырғызстанның Қауіпсіздік хатшысы болып тұрған кезде қол қойған. Бұл қаулыға сәйкес, Қырғызстан Исфара (шамамен ұзындығы 275 метр) өзені жағасындағы жерді Ош-Баткен-Исфана жолын жөндеуден өткізіп, көпір салу үшін Тәжікстаннан 49 жылға жалға алу жөнінде жазылған.

Адахан Мадумаровтың өзі бұл құжаттың заңдық негізі жоқ деп есептейді.

"Бүтін Қырғызстанның" саяси кеңесі бұл қаулы Адахан Мадумаровға "жала жабу үшін жәй сылтау болып тұр деп мәлімдеме таратты.

Былтыр жыл басында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "Кешкі Бішкек" басылымына берген сұқбатында бұл қаулыны "сатқындық" деп атаған. Ал қараша айында бұл сөзін Жогорку Кеңеште Адахан Мадумаровтың көзінше айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434