ІІМ мәліметінше, Ақтөбе тұрғынының арызынан кейін тергеу басталған. Ол бауырының Шымкенттегі кірпіш шығаратын кәсіпорыннан Алматыға қашып келгенін, бірақ ол жерде оны белгісіз біреулер ұрлап алып кеткенін айтқан.
Осындай арыз түскен соң Алматы полициясының қызметкерлері Шымкентке барып, 1992, 1994 және 1992 жылдары туған үш «жұмыс берушіні» ұстаған.
Екі кірпіш зауыты аумағында Өзбекстанның 60-тан астам азаматы жұмыс істеп жүргені анықталған. Оларды зауытқа жұмысқа шақырып, құжаттарын тартып алып, айлық төлемей, үнемі ұрып-соғып, қорқытып отырған.
25 жәбірленуші «Сана сезім» құқық қорғау орталығынан көмек алып жатыр, қалғандары жеке құжаттары жоқ болуына байланысты уақытша тұраққа орналастырылды.
Кірпіш зауыттарының қожайындарының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оларға «еңбек күшін пайдалану үшін заңсыз ұстау», «кісіге билігін жүргізу» айыптары тағылды.
Abai.kz