Сенбі, 23 Қараша 2024
1453 0 пікір 24 Қазан, 2023 сағат 14:57

Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға кіретіні туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркия президенті әкімшілігінің хабарлауынша, енді құжатты Түркияның парламенті бекітуі тиіс.

"2023 жылдың 23 қазанында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға президент Режеп Тайип Ердоған қол қойып, құжат Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының қарауына жіберілді", - делінген хабарламада.

НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия басшысының бұл қадамына қолдау білдірді.

"Президент Ердоғанмен кездесуде айтып өткенімдей, бұл бүтін Альянсты қуатты әрі қауіпсіз ете түседі", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Түркия Финляндия мен Швецияның НАТО-ға мүше болуын қолдамай келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364